«iTest: Үздік нәтиже» байқауының онлайн кезеңі аяқталды!

«iTest: Үздік нәтиже» байқауының онлайн кезеңі аяқталды!

Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп отырған мектеп оқушыларына арналған «iTest: Үздік нәтиже» әлеуметтік-білім беру республикалық байқауының онлайн кезеңі аяқталды!

Bilim Media Group компаниясы мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларына бірегей мүмкіндік беретін байқауды еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бірі – Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Байқаудың басты мақсаты – «Цифрлық Қазақстан» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында оқушылардың білім деңгейін көтеруге септігін тигізу, ҰБТ-ға пайдалы ресурс арқылы дайындалып, сәтті тапсыруға ынталандыру. 

Байқауға қатысуға еліміздің 14 облысынан 5754 оқушы ниет білдірді. Алайда Байқау ережелері бойынша, барлық қатысушылар ішінен оқ бойы оза шапқан 50 қатысушы үздіктер қатарына енді. Үздіктер тізімімен itest.kz сайтында таныса аласыздар.

Естеріңізге салайық, байқау екі кезеңнен тұрады. 

«iTest: Үздік нәтиже» байқауының онлайн кезеңі:  
itest.kz платформасында 1 ақпан – 20 маусым аралығында өтті. Осы аралықта онлайн кезеңнің мерзімаралық жеңімпаздары да анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«iTest: Үздік нәтиже» байқауының офлайн кезеңі: 

Бұл кезеңде онлайн кезең бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОП-50 тізіміне кірген қатысушы Алматы қаласындағы AlmaU ғимаратында 12 шілде күні, сағат 10:00-де ҰБТ-ның профильді пәндері және IQ тест түрінде өтетін сынақ тапсырады.
Осы тестілеуде үздік нәтиже көрсеткен 10 қатысушы – AlmaU ұсынған кез келген мамандық бойынша 100% жеңілдігі бар оқу грантын жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады.

Назар аударыңыз! Байқаудың бас жүлдесіне таласқа қатысу үшін ҰБТ-дан кем дегенде 55 балл жинау қажет! Әйтпесе рейтинг бойынша келесі тұрған әрі ҰБТ-дан межелі ұпай жинаған қатысушыға жол ашылады. 

Байқау рейтингісінің 50 үздігі қатарына кіретін барлық қатысушы сыйлықтармен марапатталады!

Демек, үздіктер рейтингісіне (ТОП-50) енген барлық қатысушыны Алматы қаласына шақырамыз!

Сонымен, 12 шілде, сағат 10:00-де сіздерді Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 227 бойынша орналасқан AlmaU ғимаратында күтеміз!

Толық ақпаратты +7 707 705 01 57 байланыс телефоны арқылы ала аласыздар.

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!

3Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Майра Ауесбаева
Майра Ауесбаева
5 шiлде 2019 ж. 18:26
Сәлеметсіздер ме! Жеңімпаздарды құттықтаймын!!! Келесі оқу жылында бұйырса оқушыларымды қатыстырамын. Осындай байқауды ұйымдастырған сіздерге РАХМЕТ!!!
Дамир Садырбек
Дамир Садырбек
23 маусым 2019 ж. 18:08
Саламатсыз ба. Мен, мысалы, 30 орын алдым, ондай болса, қандай приз аламын?
Канат Мырзаханов
Канат МырзахановCайт модераторы
25 маусым 2019 ж. 16:07
Сізге iTest командасы қоңырау шалады. Барлығын сол жерде түсіндіріп береді