Жобалық жұмыс 2019 – жұмыстарды қабылдау аяқталды

Жобалық жұмыс 2019 – жұмыстарды қабылдау аяқталды

2019 жылы 20 мамыр күні Жобалық жұмыс республикалық байқауына жұмыстар қабылдау ресми түрде мәресіне жетті.

Жұмыстар қабылдау 1 наурыздан бастап 20 мамырға дейін шамамен 3 айға созылды. Ендігі кезекте сарапшылар комиссиясы барлық жұмысты бір ай уақыт ішінде бағалап, қорытынды шығарып, нәтижесіне қарай 2 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтауға тырысады.

  • Кіші топ: 1–7 сыныптар аралығындағы оқушылардан құралған топ;
  • Жоғарғы топ: 8–12 сыныптар аралығындағы оқушылардан немесе арнайы орта білім беретін мекемелердің 1-2 курс студенттерінен құралған топ.

Байқау қорытындысы 01.07.2019 жылы bilimland.kz порталында және әлеуметтік желідегі парақшаларымызда жарияланатын болады. Байқау жеңімпаздарын  марапаттау мен қатысушыларға сертификат табыстау қашықтықтан жүргізіледі (электронды поштаға тарату).

Естеріңізге саламыз, сарапшылар комиссиясының пікірінше таңдалған 30 үздік жоба үйлестірушілері алғысхатқа ие болады, ал оқушылар байқауға қатысқаны жайлы сертификат алады.

Сайтымызда Алғысхат табысталатын қатысушылардың тізімі жарияланады.

Белсенділік пен қызығушылық танытқаны үшін қатысушыларға алғыс айтып, баршаңызға сәттілік тілейміз!

15Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Нуршагул Уябаева
Нуршагул Уябаева
25 маусым 2019 ж. 21:28
Бүгін жарияланады деп едіңіздергой
Гүлзада Утегенова
Гүлзада Утегенова
23 маусым 2019 ж. 16:46
бұл ж жұмыс жабылып қалды ма
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
24 маусым 2019 ж. 9:32
Сәлеметсіз бе! Жобаларды қабылдау аяқталды. Байқау нәтижесін маусым 25 жариялаймыз.
Жанар Курманалиева
Жанар Курманалиева
21 маусым 2019 ж. 2:15
Сәлеметсіздер ме! Байқау өте маңызды, қызықты. Менің де 3 сыныпта оқитын қызым, Иззат Наслыгаухар қатысуда, ата - ана ретінде жауабын күтіп жүрмін. Шынымен де әріптестерімнің пікірін қолдаймын, оқушылардың ынтасын арттыру, ынталандыру, қолдау білдіру мақсатында марапаттар саны көбірек болса екен. Қатысып жатырғанын біледі, әрине ол да үлкен үмітпен күтіп жүр. Білімленд ақпараттық порталының тұрақты пайдаланушысы. Осы жобалық байқауды өзі көріп қатысты. Сондықтанда баламның үміті алдамаса екен!
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
21 маусым 2019 ж. 15:35
Сәлеметсіз бе! Байқау нәтижесін маусым 25 жариялаймыз. Қолданушылардың пікірін естіп келесі жылғы байқаудың ережелерін қарастырамыз. Осы байқау және BilimLand ресурстары туралы пікіріңізбен бөліскеніңіз үшін рақмет! Сәттілік!
sev.7981
sev.7981
15 маусым 2019 ж. 12:59
Сәлеметсіздер ме! Жоба байқауына өткен , не өтпегенді қалай білуге болады?
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
17 маусым 2019 ж. 9:16
Сәлеметсіз бе! Жұмыстарды бағалау 20 маусым бітеді, ал байқау нәтижелерін біз жақын уақытта жариялаймыз, сол кезде тызым арасында көрсеңіз болады.
Зауреш Нуримова
Зауреш Нуримова
3 маусым 2019 ж. 9:43
Сәлеметсіздер ме, "Жобалық жұмыс" байқауының әділ-қазылар мүшелері! Байқау бойынша ұсынысымды ескеріңіздерші! Байқау марапаттарын көбейтсеңіздер екен.Байқау қатысушыларына ақшалай болмаса да 1,2,3дәрежелі дипломдар мен мақтау қағаздары берілсе,оқушылардың ғылым жолына қызығушылық одан сайын артады деп ойлаймын.Сіздердің ұжымдарыңызға шығармашылық табыс пен жемісті еңбек тілеймін.Сіздерге РАҚМЕТ!!!!
Сейтжан Ерсинов
Сейтжан Ерсинов
1 маусым 2019 ж. 22:40
жауабы кашан шыгады екен
Балжан Темірғали
Балжан Темірғали
4 маусым 2019 ж. 15:30
20 маусым
Жанар Кусаинова
Жанар Кусаинова
23 мамыр 2019 ж. 15:13
Әр топта қатысушылардың саны қанша екені туралы ақпарат берілмейтін шығар....
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
21 маусым 2019 ж. 15:37
Байқау нәтижелері маусым 25 жарияланады, біздің блогымыздан көрсеңіз болады.
Жанар Кусаинова
Жанар Кусаинова
23 мамыр 2019 ж. 15:11
Рақмет!!!
zha.4803
zha.4803
22 мамыр 2019 ж. 12:18
жарайсындар
Тарбия Алибекова
Тарбия Алибекова
22 мамыр 2019 ж. 9:48
Рахмет жоба авторларына! Оқушыларды шығармашылыққа әрі зерттеу жұмыстарына бейімдеу мен пәнге деген қызығушылылығының арта түсуіне ықпалын тигізгені үшін.