Жыл сайын өтетін «Жаңашыл мұғалім-2019» байқауының нәтижесі белгілі болды!

Жыл сайын өтетін «Жаңашыл мұғалім-2019» байқауының нәтижесі белгілі болды!

2019 жылдың 29 сәуірінде жыл сайынғы өтетін республикалық «Жаңашыл мұғалім-2019» байқауына жұмыстар қабылдау аяқталды. Бес айға созылған байқау екі кезеңнен тұрды. Осымен бесінші рет өткізілген байқауға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 1600-ден аса жұмыс келіп түсіп, рекорд жаңарды.

Биылғы байқауға қатысушылар сабақтың сапасына ерекше мән беріп, өз сабақтарында АКТ құралдарын қолдану бағытында жан-жақты ізденгендерін байқатты. Байқаудың екінші кезеңінде «Жаңашыл мұғалім» құрметті атағы үшін 516 жұмыс жарысқа түсті.

Келіп түскен жұмыстарды арнайы құрылған әділқазылар алқасы бағалады. Әділқазылар алқасының құрамына білім беру саласының жетекші мамандары мен педагогика шеберлері кірді.

  • Султан Динара Габбасовна, Әлемдік банктің «Орта білім беруді модернизациялау» жобасының маманы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы.
  • Кудайберген Гульнур Сериковна, ШЖМ даму орталығының директоры.
  • Муканова Роза Акылбаевна, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы, Ақмола филиалы, ақпараттық технологиялар бөлімінің бастығы.
  • Мамасерикова Шынар Ергалиевна, Республикалық «Оқулық» ғылыми-практикалық орталығының электрондық құралдардағы оқыту әдебиетін сараптау лабораториясының аға сарапшысы.
  • Садвакасов Ильяс Маратович, тарих пәні мұғалімі, bilimland.kz ресурсындағы ҰБТ-ға дайындықтың тест сұрақтары мен «Қазақстан тарихы» жобасының сабақтары сценарийлерінің авторы.
  • Исабекова Айгуль Карибаевна, бастауыш мектеп мұғалімі, Алматы облысы, Қарашелек ауылы, Қарашелек орта мектебі, 2018 жылғы «ШЖМ-дегі АКТ» аталымының жеңімпазы.
  • Шынтасова Гульзат Бурабаевна, химия пәні мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы, куратор, Қызылорда қаласы, НЗМ ХББ, 2018 жылғы «Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымының жеңімпазы.
  • Сулейменова Шолпан Амирхановна, әдіскер, bilimland.kz ресурсындағы жаңартылған бағдарлама бойынша интерактивті сабақтардың авторы.

Әділқазылар алқасы байқауға түскен жұмыстардың мазмұнын, идеяның бірегейлігін, өзектілігі мен BilimLand ресурастарын қолданудағы нәтижелігін, сондай-ақ жалпы көркемделуін бағалады. Педагогтің шеберлігі, білім беру ресурстарын қолдану ісінде стандарттан тыс тәсілдерге жүгінуі, оқушылармен тығыз байланыста бірге жұмыс істеу қабілеті сарапшылардың ерекше назарында болды.

Байқаудың барлық қатысушыларына зор алғысымызды білдіре отырып, жеңімпаздарды жариялаймыз!

«Сабақтағы АКТ» аталымы

Биыл осы аталымда шығармашыл әрі бірегей жұмыстар көп болғандықтан, мәреге қатысушылар арасынан жеңімпаздарды айқындау сарапшылар комиссиясына оңайға тиген жоқ. Сондықтан бәйгеге тігілген жүлдені екі қатысушыға бөліп беру жайлы шешім қабылданды.

Абдрашитова Жансая Ермековна, дүниежүзі тарихы пәні мұғалімі, НЗМ ХБ, Нұр-Сұлтан қаласы.

Жүлде: жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге.

Батыр Жәнібек, физика пәні мұғалімі, «№83 мектеп-гимназия» КММ, Нұр-Сұлтан қаласы.

Жүлде: жеңімпаз дипломы және 250 000 теңге.

«Тәрбие сағатындағы АКТ» аталымы

Сағындықова Әсемгүл Сабыржанқызы, бастауыш сынып мұғалімі, «№60 ЖББОМ» КММ, Ақтөбе қаласы, Қарғалы т.а.

Жүлде: жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге.

«АКТ-ны Қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымы

Станогина Наталья Владимировна, математика пәні мұғалімі, «№22 ОМ» КММ, Қостанай қаласы.

Жүлде: жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге.

«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ» аталымы

Жамантаева Ельмира Тургалиевна, «Н.К. Крупская атындағы ОМ» КММ, ШҚО, Жарма ауданы, Шалабай ауылы.

Жүлде: жеңімпаз дипломы және 500 000 теңге.

Сонымен қатар BilimLand ресурстарын өзіндік ерекшелігімен қолданып, сабақ кезінде шығармашылық танытқан Богер Надежда Васильевнаға (Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Домбыралы ауылы, «М. Горький атындағы орта мектеп-бақша» ММ) Bilim Media Group компаниясының атынан арнайы диплом табыс етіледі.

Байқаудың екінші кезеңі аясында өз видеоларын жолдаған авторларға «Жаңашыл мұғалім-2019» жарысының мәресіне қатысушы ретінде электронды форматтағы алғысхаттар беріледі.  Алғысхаттар байқауға қытысқандардың электрондық поштасына 2019 жылдың 7 маусымына дейін жіберілетін болады. bilimland.kz сайтындағы Блог бөлімінде жарияланатын жаңалықтарымызды мұқият қадағалап жүріңіз.

Байқаудың мәресіне қатысушылардың тізімін көру

Байқауда оза шыққан жеңімпаздарды керемет жеңістерімен құттықтаймыз! Сарқылмас шығармашылық шабыт пен жаңа белестерді бағындыра берулеріңізді тілейміз!

 

110Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
kulsari9.59
kulsari9.59
8 шiлде 2019 ж. 11:24
Сәлематсыздар ма? Алғыс хатымызды алдық, рақмет! Бірақ Сертификат берілмей ме?
Серик Тюлегенов
Серик Тюлегенов
22 маусым 2019 ж. 23:05
Саламатсыздар ма! Мен де Алғыс хатымды әлі алмадым. Электронды почтама келмеді.
Azamat Qabetov
Azamat QabetovCайт модераторы
24 маусым 2019 ж. 9:43
Саламатсыз, Серик! Алғысхатыңыз сауалнамада көрсеткен поштаңызға жіберілді. aruna2013su@mail.ru поштасын тексеруіңізді сұраймыз. 8 727 344 95 95, 8 707 944 95 95 телефон нөмірлеріне хабарлассаңыз, сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
akt.5899 Медеуова
akt.5899 Медеуова
18 маусым 2019 ж. 16:56
Саламатсыздар ма? Алғыс хатымды ала алмай жүрмін.
Azamat Qabetov
Azamat QabetovCайт модераторы
19 маусым 2019 ж. 9:09
Сәлеметсіз бе! 8 727 344 95 95, 8 707 944 95 95 телефон нөмірлеріне хабарлассаңыз, сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
akt.5899 Медеуова
akt.5899 Медеуова
14 маусым 2019 ж. 22:20
Кеш жарықІ Менің почтама, спам папкасына да ештеңе келмеді. Тексердім. Қалай алуға болады? Почтам дұрыс жазылған. Рахмет.
Azamat Qabetov
Azamat QabetovCайт модераторы
19 маусым 2019 ж. 9:09
Сәлеметсіз бе! 8 727 344 95 95, 8 707 944 95 95 телефон нөмірлеріне хабарлассаңыз, сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
Айнагул Жалгасбаева
Айнагул Жалгасбаева
14 маусым 2019 ж. 12:15
Саламатсыздар ма! Маған сертификат келген жоқ. Тізімде фамилиям бар.
Azamat Qabetov
Azamat QabetovCайт модераторы
18 маусым 2019 ж. 14:03
Сәлеметсіз бе, Айнагүл! Байқауға қатысу жайлы сауалнаманы толтырған кезде мына atmosfera_25@mail.ru поштаны жазған екенсіз, сізге тиесілі Алғысхат осы поштаға жіберілді. Поштаңызды тексеруіңізді сұраймыз!
akt.5899 Медеуова
akt.5899 Медеуова
13 маусым 2019 ж. 22:29
Саламатсыздар ма? Мен де Алғыс хатымды әлі алмадым. Электронды почтама келмеді.
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
14 маусым 2019 ж. 9:46
Сәлеметсіз бе! Сіздің алғыс хатыңыз uka-74@mail.ru адресына жіберілген. Спам папкасын тексеруіңізді сұраймыз.
Гулиза Абдикадырова
Гулиза Абдикадырова
8 маусым 2019 ж. 10:11
Бұл сайыс мұғалімдерді өз кәсібінде жаңа жетістіктерге жетелейді деп ойлаймын. Жіберіледі деген алғыс хатты алған жоқ едім. Мүмкін болса, салып жіберулеріңізді өтінемін.
Марлен Мауленкулов
Марлен МауленкуловCайт модераторы
14 маусым 2019 ж. 9:43
Гулиза, сәлеметсіз бе! Сіздің алғыс хатыңыз abdikadyrova1967@mail.ru адресына жіберілген. Спам папкасын тексеруіңізді сұраймыз. Егер сертификат жоқ болса, бізге хабарласыңыз.
Гулиза Абдикадырова
Гулиза Абдикадырова
7 маусым 2019 ж. 17:54
Электронды форматтағы алғысхатымды алған жоқпын. 7 маусымға дейін жібереміз деп жазылған еді.
Azamat Qabetov
Azamat QabetovCайт модераторы
10 маусым 2019 ж. 9:13
Саламатсыз ба?! Байқауға қатысу жайлы сауалнаманы толтырған кезде мына abdikadyrova1967@mail.ru поштаны жазған екенсіз, сізге тиесілі Алғысхат осы поштаға жіберілді. Поштаңызды тексеруіңізді сұраймыз!
Айжан Тиштыкова
Айжан Тиштыкова
7 маусым 2019 ж. 13:04
Сәлеметсіздер ме! Алғыс хатты қалай алуға болады?
Azamat Qabetov
Azamat QabetovCайт модераторы
10 маусым 2019 ж. 9:17
Сәлеметсіз бе?! Айжан Тиштыковна есімді қатысушы мәреге шыққандар тізімінен табылмады, сол себепті Алғысхат берілмейді.
Гульдын Айнабекова
Гульдын Айнабекова
7 маусым 2019 ж. 11:25
Сәлеметсіздер ме, Алғыс хат келмеді. қалай алуға болады?
Azamat Qabetov
Azamat QabetovCайт модераторы
7 маусым 2019 ж. 15:05
Сәлеметсіз! Байқауға қатысу жайлы сауалнаманы толтырған кезде мына ainabekova82@bk.ru поштаны жазған екенсіз, сізге тиесілі Алғысхат осы поштаға жіберілді. Сұрақтарыңыз болса, Клиенттерді қолдау орталығына хабарласыңыз. Көп рақмет!